Құрбан айттың қарсаңында карантин талаптары күшейтілді  

Құрбан айттың қарсаңында карантин талаптары күшейтілді   

Биылғы Құрбан айт мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 19-23 шілде күндері Алматы облысының тұрғындары арасында COVID-19 індетін одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жаңа қаулыға сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жеке үй иеліктері мен мешіттерде іс-шаралар өткізуге және малды автокөліктерде, жеке меншік үй иеліктерінде сатуға тыйым салынады.

Жоғарыда аталған шектеулерге байланысты өткен жылдың тәжірибесін қолданып, құрбан шалу рәсімі Qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына арнайы мобильдік топтар жауапты. Олардың мониторингтік жұмыстары арқылы Қаулыдағы шектеулер қадағаланатын болады.

Аталған қаулы 2021 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях