Пробация қызметінің есебінде тұрғандар кәсіп ашуға ниетті

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар кәсіп ашуға ниетті

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бизнес ашуға ниеттеніп, осы бағытта кеңес алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жұмыссыз жандарға жол сілтейтін «Атамекен» ҰКП-ның Қарасай аудандық филиалының қолдауы – кәсіп бастаймын деушілер үшін жақсы мүмкіндік. Олар өз тарапынан қашанда бизнес айналасында қажетті кеңес беруден жалыққан емес. Күні бүгін аталмыш мекемеге аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арнайы келіп, филиалдың басшысы Орынбай Жанәділден және менеджер-кеңесші Елена Константиновадан кәсіпке қатысты ақпарат алды.

Санитарлық талапқа сай өткен жиын барысында бизнестік идеяларын жүзеге асырсам деген жұмыссыз азаматтар бірқатар сауалдарын да қойды. Олардың бірқатарына «Атамекен» ҰКП-ның Қарасай аудандық филиалының Орынбай Басарұлы жауап беріп, кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттардың тиімділігін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК бойынша берілетін қаржылай соманың алу жолдарын түсіндіріп, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін шектеулі грант қарастырылатынын айтты.

Ал, аудандық пробация қызметі басшысының орынбасары Ақбота Іздібаева бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін жұмыссыз азаматтар қандай қадамдарды орындау жайында ашып сұрады. Оған қатысты филиалдың менеджер-кеңесшісі Е.Константинова жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, басқаларына үлгі болсын деген ниетпен дәл осы қаржымен талай адамдардың кәсіптерін ашып, дамытып отырғанын қосымша хабардар етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях