Панфилов ауданындағы селден зардап шекендер жоқ

Панфилов ауданындағы селден зардап шекендер жоқ

Өткен тәулікте «КөкталСарыөзек» тасжолының бойындағы Ақжазық ауылының аумағында кешкі  17:00-18:00 уақыт аралығында жауған жаңбырдан тас жолының бойымен сел жүрді. Әлеуметтік желіде лезде тараған бұл тосын оқиғаға мән-жайы туралы Алматы облысы ТЖД өкілдері «Jetisy Media»  ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Ағымдағы жылдың 9 маусымында жауын-шашын салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сай бойынша көлбеу ағын салдарынан секундына 70.0 текше метр шығынмен тасқын пайда болды. Нәтижесінде «Сарыөзек – Көктал» жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы, Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жаңбыр суы жолдың үсітне шығып кетті, – деді «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқарма филиалы жетекшісінің орынбасары Айдос Сабырбаев.

ТЖД мамандарының айтуынша, сел өтетін арнадағы көпірге ағаштар ағып, көпірдің астын бітеп тастаған. Жол үстімен аққан су жолды бұзған жоқ. Қазіргі уақытта жол мамандары жолдың сапасын тексеріп, акт жүргізуде.

Айта кетейік, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях