ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» №417 бұйрығына (29.04.2020 жылғы өзгерістермен) сәйкес, Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй сертификаттарын беру жұмыстарын бастады. Аталған сертификаттар тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға беріледі. Бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.

Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары бастапқы жарнаның 50%, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.  Оны алу құқығына ие болатындар: аудан әкімдіктеріне ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек ететін білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер; денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері; мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері; мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы аналар; көпбалалы отбасылар және толық емес отбасылар.

Егер өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын әр отбасы мүшесінің орташа табысы соңғы алты айда зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті жарналарды есептемегенде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі көрсеткішінен аспайтын болса, онда тұрғын үй анықтамасы әлеуметтік көмек ретінде, ал, егер ол асып кетсе, онда әлеуметтік қолдау ретінде көрсетіледі.

Егер әлеуметтік көмек ақысыз және қайтарымсыз негізде берілсе, онда әлеуметтік қолдау бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес 15 жылға дейін және төлем бойынша жылдық 0,01% пайыздық мөлшерлемемен қайтарымды, жеделді шарттарымен бюджеттік несие түрінде болады.

Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

*********************

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях