Облыста «Автоураган» фото-бейне тіркеудің қосымша 20 жүйесі орнатылды

Облыста «Автоураган» фото-бейне тіркеудің қосымша 20 жүйесі орнатылды

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзуға бейім жүргізушілерді түсіретін қолданыстағы «Автоураган» жүйесінің камераларына тағы да 20 камера қосылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды фото-бейне тіркеу үшін «Автоуроган» жүйесінің 30 кешені жұмыс істейді. Талдау көрсеткендей, бір бекетте тәулігіне 360 астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркеледі.

– Жыл басынан бері «Автоураган» бағдарламалық-аппараттық кешені арқылы тек облыс орталығы – Талдықорған қаласында 100 млн 833 мың теңгеге 14 730 ұйғарым, ал, облыс автожолдары бойынша жалпы сомасы 891 миллионнан астам теңгеге 102 702 ұйғарым жазылған. Барлық бұзушылықтар бір деректер базасында жүйеленеді, айыппұлдар полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде жазылады , – деп атап өтті Алматы облысы ПД Ақпараттық жүйелер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Зағира Дәулетова.

Айта кетейік, «Автоураган» бағдарламалық-аппараттық кешені – бұл көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерін автоматты түрде танудың және жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің стационарлық кешені. Ол көліктердің кез-келген ағынында көлік құралдарының қозғалысын сәйкестендіру, тіркеу және бақылау мәселелерін шешуге арналып отыр. Кешеннің автоматты бейнебақылау жүйесі жол жүру ережелерінің бұзушылықтарын және іздестіру іс-шараларын тіркеу үшін пайдаланылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях