Оңтүстік Кореядағы «Samsung» компаниясының еріктілері Кегенде шебер сабақтар өткізді

Оңтүстік Кореядағы «Samsung» компаниясының еріктілері Кегенде шебер сабақтар өткізді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Сеулдегі «Samsung Electronics» компаниясының қызметкерлерінен құралған еріктілер 12-18 шілде аралығында Алматы облысы Кеген қаласының жергілікті тұрғындарына шебер сабақтар өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Олар кегендіктерді корей тілінде сөйлеуді үйретіп, заманауи ІТ- трендтер, пайдалы  технологиялық өнімдер және болашақтағы цифрлық құрылғылар жөнінде айтты.

Шебер сабақтарға  қатысқан 123 оқушы мен  51 ересек адамның ең үлкені 79 жаста болды.  Сондай-ақ, еріктілер жергілікті малшыларға өз өмірін жеңілдететін инновациялық шешімдерді қолдануға үйретті. Оған қоса кегеннің фермелеріне жуырда, корейлік «Lives’Talk» бастауыш  командасы мен «SamsungC-Lab» инженерлері құрастырған мал іздеуге арналған  60 құрылғыны сыйға тарту етті. Ол жиынтыққа 30 шақырым  радиуста орналасқан аумақта малдың қайда жүргенің анықтайтын смартфон мен хабарлағыш қарғыбау кіреді. Аталмыш құрылғыға ғаламтордың немесе ұялы байланыстың қажеті жоқ. Қуатталған батареясы екі аптаға жарайды.

Қазақстандық фермерлерге арналған бұл жобаны 2017 жылы   бүкіл әлемнің 1865 бастауыш командалары бәсекелесе алатын әлеуметтік бастамаларының жаһандық байқауында «Samsung Solar Solution»   бас жүлдені  жеңіп алған. Әлеуметтік жобаға «Samsung» компаниясы  800 мың доллар бөлген.

«Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының президенті Санг Ву Хан өзі басқаратын компанияның Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған технологияларымен белсенді түрде қатысып тұратынын айтып өтті.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях