Қоғамдық көліктердің жылдамдығы шектеледі

Қоғамдық көліктердің жылдамдығы шектеледі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

ҚР Ішкі істер министрлігінде жолаушылардың жол қозғалысындағы қауіпсіздігі жайлы брифинг өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Автокөлік арқылы жолаушылар тасымалындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы» тақырыбында өткен жиында қоғамдық көліктерге қатысты бірқатар сұрақтар талқыланды. Оның ішінде жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті арттырудың бірі ретінде жылдамдықты шектеу де қарастырылып отыр.

– Ішкі істер министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол картасының жобасын әзірледі. Қазір Қазақстанда 90 мыңнан астам ескі автобус тіркелсе, бірқатар кешенді шаралар қарастыра отырып, ескі автобустарды пайдалануды шектеп, автобустар паркін жаңарту ойда бар. Сондай-ақ, жүргізушілірге қойылатын біліктілік талаптарын да күшейтеміз, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Өткізілген брифинг барысында автобустардың елдімекендер аумағындағы жылдамдығын сағатына 50 шақырымға, ал қала сыртында 80-ге дейін шектеу қарастырылды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях