Жалпы, пікір-сайыс турнирінің басты мақсаты – пікірталас жүргізе алатын өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өз тобының қызығушылығын сауатты аргументтермен қорғай алатын жастарды іздестіру болатын.
«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турниріне республикамыз бойынша өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 50 адам, яғни 20 команда келді. Сайыс американдық парламенттік форматта ойластырылып, қазақ және орыс тілдерінде 3-6 бөлім аралығында өткізілді. Ал, топтардың ойыннан ығыстырылуы бірде төрт кезеңінен басталды. Еліміз бойынша іріктеліп келген жастар бірнеше өзекті тақырыптарда пікірталасқа түсті. Дебат барысында студенттердің білімділігі, ой өңірісінің кеңдегі бірден байқалды. Бұдан бөлек, олардың өз арасында қарсыластарына деген ілтипаты мен сыйластығы да жоғары деңгейде болды. Жастардың ой жүйріктік жарысы екі күнге созылды. Осы уақыт аралығында қазақ тілді командалардың ішінен топ жарып, Шымкент каласынан келген жастар бірінші орынды иеленсе, ал, орыс тілді топтардың ішінде Акмола облысының жастары жеңімпаз болды. Пікір-сайыс үздіктері естелік сыйлықтармен, дипломдармен және «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогімен марапатталды.