Меморандумға қол қойды

Меморандумға қол қойды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Сулейман Демирел университеті «Астана» Халықаралық қаржы орталығы үздіксіз кәсіби даму Бюросымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Сүлеймен Демирел университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тараптар АХҚО экожүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және қаржы қызметтері нарығы саласының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында қаржы секторы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Іс-шараға SDU президенті Мейірбек Мәжитов және үздіксіз кәсіби даму Бюросының атқарушы директоры  Ернұр Рысмағамбетов, сондай-ақ университет Бизнес мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Меморандумға қол қою барысында АХҚО қолдауымен SDU базасында AIFC BCPD FinLab қаржылық зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Алдымен шараға қатысушыларды құттықтаған SDU президенті Мейірбек Мәжитов, академиялық сектордың индустриямен қарым-қатынасын нығайтудағы маңыздылығын тілге тиек етті.

– Маман даярлауда индустрия өкілдерімен, кәсіпорындардың иелері және басшыларымен кері байланыс орнату бұдан былай университеттің қарқынды дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда күш-жігерді халықаралық стандарттар әрі жұмыс берушілер мен кәсіби нарық қатысушыларының нақты қажеттіліктері жағына шоғырландыру, сол арқылы халықаралық тәжірибені отандық тәжірибемен ықпалдастыру өте  маңызды. Осы ретте АХҚО  бізге сенімді серіктес болуы өте маңызды. Бұл зертхана – біздің студенттерге қосымша серпін беріп, қаржы және инвестиция саласында жаңа танымдарды меңгеруге көмектеседі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашады деп сенемін,  – деді Мейірбек Мәжитов.

Алдағы уақытта тараптар банк қызметі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адами капиталды дамыту саласында кадрларды кәсіби даярлау мен біліктілік саласындағы серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын SDU студенттеріне АХҚО базасында кәсіптік, оқу-өндірістік тәжірибелер және  ғылыми-зерттеу тағылымдамалардан өтумен  қамтамасыз етіледі.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях