«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы өтті

Аудандық Мәдениет үйінде өткен бүгінгі «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы санитарлық талапқа сай өткізілді. Күн тәртібінде сайлау науқанына қатысты төрт мәселе қаралып, жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов төрағалық еткен конференция жұмысына аудан әкімі, аудандық партия филалының төрағасы Жандарбек Далабаев, одан бөлек, кезектен тыс сайланған 35 делегат пен партиялық кадрлық резервінен 20 кандидат қатысып отырды.

Жиын барысындағы бірінші мәселе «Nur Otan» партиясы Қарасай ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы болғандықтан алғашқы сөз кезегі аудан әкімі, аудандық партия филалының төрағасы Жандарбек Ермекұлына берілді. Аудан басшысы 2021-2025 жылдарға арналған аумақтың даму бағдарламасына кеңінен тоқталып, соның аясында атқарылған іс-шараларға қатысты ойын білдірді. Одан бөлек, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткен праймериздің ұтымты тұстарын айтып, соның арқасында тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектері ескерілгенін сөз етті. Аудан әкімі олардың бірқатары жоғарыда аталған даму бағдарламасына енгізілетінін де жеткізді.

Күн тәртібінде екінші болып «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселесі алға қойылса, үшінші кезекте пікірсайыс бойынша аталмыш конференцияға кандидаттарды ұсыну жағы қаралды. Бұл ретте үміткерлердің топ болып сөз жарыстыруын, бір-біріне қарама-қарсы сұрақ қою арқылы бағдарламаларын жете түсіндіруін ерекше айтуға болады. Тіпті, ұтымды ойлар да ортаға салынды.

Осындай сөз жарысынан кейін құрметті делегаттар аудандық Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан кабинадағы «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы үш минут аралығында өз таңдауларын жасап, кандидаттарға дауыс берді. Кейін конференцияға қатысушылар қайтадан залға жиналып, дауыс беру қорытындысын тыңдады. Оны есеп комиссиясының төрағасы Абылай Манабаев хабарлап, дауыс беру көрсеткіші бойынша нақты атап өтті. Нәтижесі бойынша Жалғасхан Донбаев, Жеңіс Бектасов, Серікхан Әділханов, Жанат Тажиев, Әлібек Сәрсенов, Бекет Әбішев, Әсем Серік, Тазагүл Қасымбекова сынды ең көп дауыс жинаған үміткерлер облыстық конференцияға ұсыналатын болды.

Күн тәртібінің соңғы мәселесі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы еді. Делегаттардың жалпы дауыс беруі арқылы бұл да мақұлданды.

Жиын соңында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық партия филалының төрағасы Жандарбек Далабаев баршасына сәттілік тілеп, конференция жұмысына атсалысқандарға алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях