«Нұрлы жер» бойынша салынған баспаналар енді «7-20-25» бағдарламасымен де қолжетімді

«Нұрлы жер» бойынша салынған баспаналар енді «7-20-25» бағдарламасымен де қолжетімді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«7-20-25» бағдарламасына қатысушылар «Нұрлы жер» бойынша салынған тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның алдында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер тек әкімдіктер мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана берілетін болған. Енді биылғы жылдың бірінші жартысынан бастап пәтер алуға үмітті азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатысты банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын төлеп, оған қатысты талаптарын орындаса жеткілікті.

Ұйым мүшелерінің хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасы «Нұрлы жер» бойынша үй алуды оңайлатады. Себебі, енді әкімдікте кезекте тұрудың, ай сайын депозитке ақша салудың қажеті жоқ.

«Нұрлы жер» бағдарламасының индикаторларына сәйкес, биыл 20 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ең көп пәтер Алматы қаласында 3170, одан кейін Шымкентте 1981, Астанада 1873 және Қостанай облысында 1794 беріледі. Мұндай мемлекет беретін үйлердің негізгі артықшылығы – төмен баға болуымен қатар, қала маңына жақын орналасуы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях