НӘРЕСТЕНІ СМС АРҚЫЛЫ МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕУ

НӘРЕСТЕНІ СМС АРҚЫЛЫ МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕУ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен тұрақты мекенжайға тіркеуге болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорациясының ресми мәлімдеуінше, сәби дүниеге келгенде проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Алдағы уақытта жаңа босанған аналарға баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама да қоса келетін болады.

– Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Керегі – телефонға келген смс-ке жауап беру ғана, – дейді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-хабарлама жолданады. Ондағы сұрақтарға оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Егер ата-аналарында баспана болмаған жағдайда немесе баласын басқа мекенжай бойынша тіркегісі келсе, мекенжай кодын және баспана иесінің ЖСН-ін тереді. Осыдан кейін меншік иесіне egov.kz порталындағы жеке кабинетке немесе смс-хабарлама түрінде мекенжайға тіркеу бойынша ұсыныс келеді. Өз кезегінде баспана иесі келісімін растаған жағдайда баланың көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгені туралы ата-аналарына смс-хабарлама жіберіледі.

Айта кетейік, 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив тәсілімен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты беріліп, 13 мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях