Министрліктер арасындағы жаңа тағайындаулар

Министрліктер арасындағы жаңа тағайындаулар

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін министрлікте бірқатар лауазымдарға тағайындау бойынша өзгерістер болды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына  сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалып, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын деген қаулыға қол қойды. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын Біржан Нұрымбетов атқаратын болады.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болған Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылып, Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымына тағайындалды.

Ал, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып Данат Жумин тағайындалды. Данат Есболұлы соңғы қызметі  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Санжар Жаркешов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып бекітілді . Ведомствода Санжар Серікбаұлы геология мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Ол 2018 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Ұлыбританияда Лондон қаласында McKinsey and Company компаниясында мұнай өнеркәсібінің жаһандық сарапшысы және басқарушы кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды. Бұл лауазымға соңғы жылдары  ҚР Президенті Телерадио кешенінің бас директоры болған, «Бас редакторлар клубының» президенті, «Құрмет» орденімен марапатталған, «Жылдың үздік журналисі» номинациясында «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты,  Ресей журналистер одағының (1997) және Қазақстан журналистер одағы  сыйлықтарының лауреаты, БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты  Ерлан Бекхожин лайық деп танылды.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях