Бағдарламалық сайттарға арналған семинар

Бағдарламалық сайттарға арналған семинар

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Заман ағымына сай, мемлекетімізде ғаламторды бақылап, оған талдау жасап отыратын бағдарламалардың қатары көбеюде. Солардың ішінде озат болып тұрған «Brand analytics» пен «Аlem social mediа» бағдарламалық сайттарын айтуға болады. Бұл жүйе қазір мемлекеттік қызметтік салаға да өз ықпалын тигізіп, нәтижелі жұмыс жасауға көмек беруде. Ал, бүгін аудан әкімдігінде ұйымдастырылған семинардың ұйытқысы да осы бағдарламалар болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев басқарған жиында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев алғашқы болып сөз алып, қоғамдық саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір облыс бойынша тәулік бойы негативті бағытта шығып жатқан материалдарға мониторинг жасалуда. Олардың көбі дерлік адамның өмір сүруіне қажетті мәселелерге, яғни, су, жарық және жол тақырыбында екен. Оған қоса Жаныс Құдайбергенұлы жоғарыда атап өткен бағдаламалардың ықпалымен саяси ахуалды зерттей келе, халықтың сұранысына дер кезінде құлақ асуға және осы арқылы нәтижелі іске кірісуге болатынын алға тартты. Ал, келесі кезекте сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және болжау бөлімінің басшысы Алия Құрманғалиева жиналғандарға «Аlem social mediа» бағдарламасының негізгі жұмыс істеу құрылымымен таныстырды. Ол соңғы аптада шыққан Алматы облысы жайлы мониторингті алып, нәтижесін көрсетті. Мәселен, соңғы аптада облысқа қатысты БАҚ-да 132257 мақала шықса, әлеуметтік желілерде 92882 пост жарияланған. Сондай-ақ, бұл жарияланымдардың қай бағытта және қандай мәселені қозғағанын айтқан А.Құрманғалиева бұл көрсеткіш бойынша облысымызда 25-34 жас аралығындағы азаматтар белсенді екенін де нақты атап өтті. Ал, біздің ауданға жеке тоқталған маман Қарасай ауданында суға, электр жарығына және жолға қатысты сұраныс басым екендігін айқындады.

Семинарды қорытындылаған аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы аудандағы шешімін күтіп жатқан мәселелерді өз кезегімен орындап, қоғамдық ахуалды нығайтуға белсенді жұмыс жасап жатқанын нақтылай келе семинарды аяқтады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях