Мемлекеттік қызметке кімдер байқаусыз өтеді?

Мемлекеттік қызметке кімдер байқаусыз өтеді?

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Халықаралық үздік университтердің PhD түлектері мемлекеттік қызметке байқаусыз қабылданады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл мүмкіндікті зерттеп жатыр. Бұл туралы Назарбаев орталығындағы жас ғалымдар форумында агенттік төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Ол, қазіргі уақытта елде Президенттің кадрлар резерві құрылып жатқанын еске салып, оған 300 жас маман кіретіндігін атап өтті.

–  Басқарушылық құрамға жаңа жағдайлар мен заманауи сын-қатерлерге тез бейімделіп,  жедел шешім қабылдай алатын жетекшілер талап етіледі. Іріктеуді тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, экономиканың барлық салаларының өкілдері арасында өткізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Агенттік үздік шетелдік жоғары оқу орындарының PhD  түлектері  мен халықаралық және трансұлттық ұйымдарда тәжірибесі бар кандидаттардың байқаудан тыс қабылдау мүмкіндіктері зертеліп жатыр , – деді Жайылғанова.

Еске салайық, Президенттің кадрлық резерві құралатыны жөнінде 13 мамырда белгілі болған. Айта кету керек,  Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер резервтегі іріктеуге қатыса алмайды.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях