Мәжіліс депутаты ауданды аралады

Мәжіліс депутаты ауданды аралады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қожахан Жабагиев Қарасай ауданына ат басын тіреп, бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ондағы мақсат – қарасайлықтардың тыныс-тіршілігімен, экономикалық даму қарқынымен жақын танысып, Елбасының халыққа арнаған Жолдауларындағы тапсырмалардан туындайтын мақсат-міндеттерді түсіндіріп, мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалып жатқандығын қадағалау еді.

Алдымен Астанадан келген мейман, аудандық мәслихат хатшысы Еділ Қалиевпен және аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаевамен бірге, Елтай ауылдық округіне қарасты печенье өнімдерін шығаратын «Алматы продукт» ЖШС-де болды. Мұнда мәжілісменді зауыт директоры Ерлік Аманбекұлы қарсы алып, ауданымызда 2009 жылдан бастап іргесі қаланып, жыл сайын қанатын кеңге жайып, шекара аумағында ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерде де біздің отандық брендті дәріптеп жүрген іргелі мекеме жайында жан-жақты мағлұмат берді. Қазіргі таңда 500-дей қарасайлық еңбек ететін бұл зауыттың өндіріс көлемі айына 600-700 тоннаны құрайды. Қазақстанның барлық өңірлеріне және Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыстан мен Монғолияға тарайтын 70-ке жуық түрлі дайын өнімге шикізат тек ел ішінен ғана алынады екен.

Цехтарды түгелдей аралап көріп, жалпы іс барысына көңілі толған халық қалаулысы осындай кәсіпорындар үнемі алға қарай ұмтылып, ел әлеуетін көтеруге өзіндік үлесін қоса беру керектігін айтты. Бұл ретте Президент өз мақаласына арқау еткен технологиялық жаңғырумен қатар, рухани жағынан да ілгерілеу арқылы үлкен жетістіктерге жол ашуға болатынын әңгіме арқауына айналдырды.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының сапары Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Мерей ауылындағы «Қазақстан Құстары» ЖШС-де түйінделді. 50 жылдан астам тарихы бар бұл фабрикада бүгінде 100-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Он екі айда 100 млн. дана жұмыртқа шығаратын өндіріс орнының да заман ағымымен ілесіп, кеңейіп, алға ілгерілеп келе жатқандығы байқалады. Оның бір айғағы ретінде депутат назарына Италиядан жақында ғана 500 мың еуроға сатып алынған жаңа құрылғының орнатылып жатқандығы ұсынылды. Бұл машинаның ерекшелігі енді жұмыртқаға адамның қолын тигізбей-ақ, өзі орап беріп отыратын болады. Астанадан келген лауазым иесіне фабрика басшысы туындайтын кейбір қиындықтар жайында да айтты. Яғни, Алматы облысы бойынша оларға қаражаттың жоқтығынан, алдыңғы жартыжылдықтан кейін субсидия бөлінбейтінін тілге тиек етті. Негізінен, шаруашылықтың қарымы мен қарқынына ризашылығын білдірген депутат бұл мәселені тиісті органдарға айтатындығын мәлімдеді.

Сапарының соңында Қожахан Көкірекбайұлы жалпы Елбасы туып-өскен Қарасай ауданына келіп, тынымсыз қайнаған қызу тіршілікті өз көзімен көргеніне қуанышты екенін айтты. Еліміздің өзге аудандарына үлгі боларлықтай дәрежеде жақсы істер атқарылып жатқандығын әңгіме арқауына айналдырған халық қалаулысы Президент жерлестеріне жүктелетін жауапкершіліктің де зор болатындығын, барлық игі бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда қарасайлықтар ерекше белсенділік таныту қажеттігін алға тартып, жақсы тілегін білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях