Мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында маңызды мәселелер қаралды

Мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды. Оның бірі – «Қарасай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы болса, екіншісі – ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау жайында болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Санитарлық талапқа сай өткізілген жиынға қос бірдей тұрақты комиссия отырысының төрағалары, аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Атлана Исаева және тұрақты комиссия отырысының төрағалары, сондай-ақ, онлайн түрде комиссияның басқа да мүшелері қатысты.

Алғашқы мәселе жөнінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев жан-жақты ойын білдіріп, «ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге қатысты қаражаттың нақты қайда жұмсалатынан егжей-тегжейлі түсіндірді. Мәселен, оның ішінде Қаскелең қаласының көшелерін жарықтандыруға, ат спорты бойынша жасөспірімдер мен балалалар мектебін ашуға, Долан және Бұлақты ауылдарындағы 600 орындық орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын даярлауға қатысты өзекті жайттарды атап айтуға болады. Сондай-ақ, COVID-19 індетінің екінші толқынына дайын болу үшін қажетті қаражат та қаралды.

Комиссия отырысында қаралған екінші мәселе бойынша аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қилыбаева сөз сөйлеп, талқыға түскен мән-жайға нақты тоқталып, депуттаттар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Түсткен кейін жоғарыда аталған екі комиссия отырысындағы маңызды мәселелер талқыланып, депутаттардың онлайн дауыс беруі арқылы аудандық мәслихаттың 60-шы кезекті сессиясында оңды шешімін тапты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях