МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ МҰРАСЫН НАСИХАТТАЙДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақ халқының көшпенді мәдениеті мен руханиятын танытып жүрген «NOMAD» этноорталығы туристерге инфотур ұйымдастрды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«NOMAD» этноорталығы – ауданымыздағы бұлтқа арқасын төсеген Үшқоңыр тауының етегінде орналасқан тарихи-этнографиялық таңғажайып кешен. Саяхатшыларға қашанда қонақжайлылығын танытудан жалықпайтын орталық бүгін туризм мен БАҚ өкілдеріне арнайы инфотур ұйымдастырып, қазақтың дәстүрі мен тұрмыс-салтын насихаттады. Ерекше іс-шараға ұласқан инфотурдың бағдарламасы да өзгеше болды. Шетелдік қонақтардың таңданысын тудырған «NOMAD» этноорталығы алдымен қазақтың бірнеше ұлттық тағамдарынан шеберлік сабақтар өткізу арқылы келушілерді ас әзірлеуге үйретті. Нақтырақ айтқанда, «қарын көмбе» деп аталатын ұлттық тағамның жасалу әдісін көптің назарына ұсынды. Одан кейін саяхатшылар көшпелі қазақтардың жауынгерлік жекпе-жектері кезіндегі айқастары бейнеленген көрініске куә болып, батырлардың сауыт-саймандары мен қару-жарақтарының түп нұсқасы бойынша жасалған көшірмелерін ұстап, пайдаланып көрді.

Қонақтардың қызығы мұнымен таусылмады десек те болады, түстен кейін олар этноорталықтың ішінде қатар тігілген қазақ үйлерді аралап, ержігіттердің спортқа деген бейімділігін жоғары көрсететін шеберліктерді тамашалады. Сонымен қатар, облысқа танымал қолөнершілердің туындылары көпшілік назарына ұсынылып, ұлттық мәдениетіміздің тағы бір тұсы дәріптелді деуге болады. Инфотурдың бағдарламасы бойынша шетелдік, отандық саяхатты сүйетін жандар шара соңында жанды дауыста өнерпаздардың өнеріне тамсанып, қазақтың халық әндерінен сусындады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях