Көктемгі егіс науқаны басталды

Көктемгі егіс науқаны басталды

«Жаздың қамын қыс ойла» демекші, көктем мезгілі келісімен еліміздің шаруалары жердің қамын қамдап,техникаларын сайлап, қызу еңбекке кірісті. Көктемгі дала жұмыстарына Еңбекшіқазақ өңірінде де бастау алды. Биылғы жылы 86 мың гектарға жуық егістік алқабына егін егу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Осы ретте ауданның шаруалары екі мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса өңірдегі егістік диқандары өнімділікті арттыру үшін инновациялық технологияны аңығырақ айтқанда, тамшылатып суару әдісін енгізеді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта ауданда 4659 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 2 мыңнан астам трактор, 950 тіркеме, 600 соқа (плугов), 250 культиватор, 200 тырма және 510 тұқым сепкіш. Ал 2023 жылы 2 миллиард 661 миллион теңгеге 141 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

Биыл көктемгі дала жұмыстарында мал азығына, майлы дақылдарға және жүгеріге басымдық беріледі. Осы рете ауылшаруашылық тауар өндірушілері гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды сататын 25 жеткізушілермен жұмыс істейді. Минералды тыңайтқыштардың қажетті көлемі – 9160 тонна, гербицидтер – 16200 литр және органикалық тыңайтқыштар – 300 тоннаға жуық. Бұған қоса жеткізушілердің қоймаларында көктемгі дала жұмыстарын тиімді өткізуге қажетті барлық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде бар.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техниканы жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың аудандағы шаруа қожалықтары жеңілдетілген бағамен 2220 тонна дизель отынын алуға 76 өтінім берген. Бұл көлем олардың арасында ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін бөлінеді.

Егіс науқанын қаржыландыру үшін «Кең дала» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы сегіз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жалпы сомасы 47,2 миллион теңге несие берілді. Келіп түскен өтінімдерге сәйкес несие беру жалғасуда, қосымша 236 млн.теңге сомасына 14 өтінім қабылданып, қаралу үстінде.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях