Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын мобильдік топ құрылды

Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын мобильдік топ құрылды

ҚР Бас прокуратурасы алаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Nur Otan» партиясымен бірлесіп бизнесті қорғау бойынша IV-Форум өткізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Қарасай аудандық прокуратураға сілтеме жасап.

Форум аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы маңызды да өзекті мәселелері мен жұмыстың басымдықтары бойынша 2020 жылға арналған бизнесті қорғау бойынша Жол картасына қол қойылды. Осыған орай, заң бұзушылықтарға жедел іс-әрекет ету мақсатында Қарасай ауданының прокуратурасының қызметкерлерінен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мобильдік топ құрылды.

Мемлекет Басшысы жариялаған мораторий кезеңінде, яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне ерекше назар аударылатын болады. Аталған мобильдік топтың құрамы жайлы толық ақпарат төменде.

Мобильдік топтың жетекшісі: Аудан прокуроры – Сәрсенов Ғалымжан Шерәліұлы.

Мобильдік топтың мүшелері:

– Базарбаев Ермек Жәукенұлы, моб.тел. +7701779792, электронды поштасы 7277110@prokuror.kz;

– Базарбаев Даурен Ерханұлы, моб.тел. +77016626285 электронды поштасы 7277108@prokuror.kz;

– Дүсіпов Ернар Казизұлы, моб.тел. +77019990504, электронды поштасы 7277111@prokuror.kz;

– Кенжебекұлы Бауыржан, моб.тел. +77012888009, электронды поштасы 7277122@prokuror.kz;

– Омаров Жұмағұл Қаналбекұлы, моб.тел. +77076071063, электронды поштасы 7277110@prokuror.kz;

– Таңқы Баймағанбет Мырзахметұлы, моб.тел. +77015503988, электронды поштасы 7277112@prokuror.kz.

Мобильдік топтың сенім телефоны 8 (72771) 2-16-93, 8 (7272) 2-21-00.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында қосымша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына 8 (727) 308-02-95 және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына 8 (72771) 2-28-48 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер «Qamqor» мобильдік жүктемесі арқылы өздеріне уәкілеттті органдардың тарапынан тағайындалған тексерулердің заңдылығын біліп қана қоймай, жоспарланған тексерулер туралы алдын ала хабардар бола алады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях