ІІМ: Қазақстанда 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген  

ІІМ: Қазақстанда 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген   

Қазақстанда 1 797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты, – деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 2020 жылдың қазанынан бастап Ішкі істер министрлігі азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, құжаттандыру бойынша кең ауқымды науқан өткізген.

«Нәтижесінде қазаннан бастап құжаты жоқ 4 686 адам анықталды. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді. Оның ішінде 3 408 адамға жеке басын куәландыратын құжат берілді, қалған 1 278 адамды құжаттандыру мәселесі аяқталып жатыр. Нақтырақ айсақ, 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр», – деді Сейтжанов.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях