Игита әлемнің үздік қақпашысы атанды

Игита әлемнің үздік қақпашысы атанды

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы әлемге көбіне Игита атымен танымал Леонардо Де Мело Виейра Лейте рекордтық дәрежеде төртінші рет «Әлемнің үздік қақпашысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше, яғни, 26 наурыз күні, футзал әлеміндегі жеке марапаттар бойынша дауыс беру нәтижелері futsalplanet.com ресми сайтында жарияланған еді. Сол нәтиже бойынша «Қайрат» командасының капитаны Игита әлемдегі ең үздік қақпашы ретінде үш рет танылғаннан кейін (2015, 2016, 2018) төртінші рет құрметті марапатқа ие болды.

Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасының күзетшісі – бұл номинациядағы жеңістер саны бойынша жалғыз чемпион.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях