Қашықтан оқуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді

Қашықтан оқуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді

Онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерден есептілік сұрау қарастырылмайтындығы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, тиісті бұйырықта көрсетілгендей, осы төртінші тоқсанның ішінде әр пән бойынша тек бір жиынтық бағалау жұмысы болады және тоқсандық бағалау жүйесі қамтылады.
– Осы қалыптастырушы бағалау жүйесінде оқушылармен кері байланыстың арқасында мұғалім әр оқушының сабақты меңгерген дейгейін өз үшін бақылап отырады. Осы үш форматты пайдаланған жағдайда да бірінші кезекте мұғалімдердің ескеретіндігі – ол барлық шаралар педагогтың өзінің шығармашылық шешімдеріне байланысты болады. Қашықтан оқыту кезінде ешбір күштеу немесе есептілік сұрау қарастырылмайды. Бұл тұрғыда мұғалімдер ыңғайлы әрі икемді сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Осының аясында ұстаздар сабақтың мазмұнын, пәннің толыққанды көлемін беруге тиісті, – деді Шолпан Каринова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қашықтан оқыту аясында мектеп оқушыларына арналған телесабақтардың кестесі 5 сәуірге дейінгі аралықта беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтіні айтылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях