Халықаралық   байқауда –  бас   жүлде

Халықаралық   байқауда –  бас   жүлде

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Қалбибі» өнер студиясында екі жылдан бері вокалдан сабақ алып келе жатқан, Байжанов орта мектебінің 1-сынып оқушысы Жұмабаев Әбілхайыр осы аптада Астана қаласында өткен ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» байқауынан бас жүлдені қанжығасына байлап оралды. Балалар шығармашылығы фестивалінде кішкентай өнерпаз «Ямайка» әнін шет тілінде шарықтата шырқап, халық әні «Ақбұлақты» акапеллада, яғни, музыкасыз таза дауыста орындап, тыңдармандарды тәнті етті. Сөйтіп, облыстық «Халық шығармашылығы» орталығының қолдауымен, аталған орталықтың өкілі Айгүл Ташболатқызының жетекшілігімен, анасы Марияштың ертуімен дүбірлі додада кіші топ арасында жұлдызы жанған Әбілхайыр арнайы медальмен, кубокпен және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, оны ән өнеріне баулып, бойындағы бар дарынын жетілдіріп жүрген Қалбибі Абдуллаева да «Үздік ұстаз» номинациясына ие болды.

Ал, алдағы уақытта ауданымыздың кішкентай әншісі Майра Ілиясова ұйымдастыратын кең ауқымды «Самға, жұлдыз!» байқауына қатысуды жоспарлап отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях