Енді  полицейлер тесттен өтуі тиіс

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

 Енді болашақ полицейлер қатаңдатылған тесттен өтуі тиіс. Бұл жаңалық ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес жоспары аясында енгізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жуырда, Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті. Оның аясында Ішкі істер органдарындағы жомқорлыққа қарсы күрестің жан-жақты жоспарлары таныстырылды.

– Жоспарды талқылау кезінде азаматтардан мыңға жуық ұсыныс келіп түсті, оның әрқайсысын қарастырдық. 129 ұсыныс іріктеліп, олар 28 шара бойынша топтастырылды. Шаралар тізімін кеңейте түсуге де дайынбыз. Енді ІІМ қызмет етуге үміткерлер Жемқорыққа қарсы іс-қимыл органында тест тапсыратын болады деді. – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетер болсақ, бұрын болашақ полицейлер үшін тестілеуден ішкі істер органдарында өтетін. Енді жүйелі іріктеу жұмысы  Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне беріліп отыр. Бұдан былай ІІМ-де қызметке тұрғысы келетіндер Агенттіктігіне тест тапсырады. Яғни, бұл айтарлықтай өзгерістен соң полицияда кімдердің қызмет етенінін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешетін болады.

– Біз бірлесе отырып, біздің Министрлік пен барша қоғам алдында тұрған маңызды мәселені шешу үшін үлкен қадам жасадық. Келесі қадам – Жоспарды сапалы түрде жүзеге асыру. Бұл жұмыстардың бәрі қоғам мен баспасөз үшін әрдайым ашық болады, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях