Енді «LADA Granta» Абай деп аталады  

Енді «LADA Granta» Абай деп аталады   

Өскеменде мерейтойлық көлік құрастырылып жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Ақ жайық» сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандағы ірі автоқұрастыру зауыттарының бірі – «Азия Авто» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында арнайы сериямен көліктер шығарып жатыр. «LADA Granta» маркалы автомобильдерінде «Abay175» деген жазу болады, ал, салонында Абайдың қара сөздерінің кітабы бар.

Мерейтойлық коллекция «LADA Granta»-ның «Classic», яғни, базалық жабдықталу үлгісі 500 автокөліктен тұрады. «Халықтық көлік» деп аталатын бұл модельдің құны – 2 млн 820 мың теңгеге бағаланды. «Abay175» коллекциясы ақпан айының соңғы күндері сатылымға шығады.

«Азия Авто» АҚ басшысының мәліметінше, 2019 жылы «LADA Granta» жергілікті зауыттар құрастырған көліктер ішінде ең танымалы болып тұр. Өткен жылы оның 5000 данасы сатылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях