Елімізде митингті өткізуге байланысты жаңа заң жоба мақұлданды

Елімізде митингті өткізуге байланысты жаңа заң жоба мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру туралы» заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

– Біз еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Біріншіден, осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді, – деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл құжат азаматтарға кез келген мәселені ашық және еркін талқылауға мүмкіндік береді.

– Мысалы, бұрынғы заңда митинг өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат алу керек болатын. Қазіргі құжатта ең бастысы – бейбіт жиынға қанша адам қатысатынын, қандай мәселе болатынын және қайда өтетінін алдын ала ескерту қажет. Тағы бір ерекшелігі – ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі қаралып, журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр. Осының барлығы мемлекет, қоғам үшін өте қажет, – деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях