ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай аудандық әкімдік пен полиция басқармасында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар» тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Адамның рухани жетілуі жолында діннің атқаратын айшықты рөлі бар. Алайда пайымсыз пікірлер мен санаға жетпей жататын түсініктердің қатары аз емес. Дін – адамгершіліктің, ізгіліктің жолын нұсқаушы дейміз-ау, дегенменде қазіргі қоғамда оған қатысты теріс тұжырымдардың арқасында адасушылықтар да кездесіп жатады. Соған орай, елімізде облыстық, аудандық көлемде оның алдын алуына байланысты іс-шаралар жүзеге асып келеді.

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі мен «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданымызда ой-пікір алмасатын семинар өткізілді. «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар» тақырыбында өткен жиынға арнайы спикер ретінде «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Какимжан Бишманов қатысып, орнықты ойларын көпшілікпен бөлісті. Алдымен ол аудандық полиция басқармасында қызметкерлермен кездесіп, семинар тақырыбының аясында қажетті ақпараттан құлағдар етті. Одан кейін Какимжан Мұратжанұлы сағат аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен және жастармен кездесу өткізді. Бұл жиынның модераторы ретінде Әмина Абдраманова жиынға қатысушыларды спикермен жақын тілдесу үшін еркін пікір алмасуға да шақырды.

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Какимжан Бишманов семинар барысында «радикализм» ұғымына кеңінен тоқталып, одан бөлініп шығатын терроризм, экстремизм, фашизм, нацизм сияқты атаулардың да қоғамға қауіптілігін сөз етті. Семинар барысында қатысушылар тарапынан да сан сауалдар қойылып жатты. Мәселен, тақырыптан тыс қазіргі діннің ахуалы, имамдардың білімдеріне қарай тағайындалуы,  мешітке келушілердің құлшылық әрекеттері сияқты түрлі сұрақтар ортаға салынды. Оған қатысты ой-пікірді  «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» маманы, теолог Нұрлан Орынбеков өзі білдіріп, жан-жақты түсіндірді. Жиын соңында аталмыш орталықтың арнайы дайындаған бейнематериалы семинар қатысушыларына көрсетілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях