Домбырада күй шертеді Никита

Домбырада күй шертеді Никита

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

  1.   Қазақ қашанда қара домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, қастерлеген. Міне, осындай құнды дүниемізді жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күні белгіленген болатын. Бұл  киелі аспаптың дәрежесін одан әрі асқақтата түскендей. Биыл бұл атаулы күн 7 шілде, яғни, бүгін аталып өтпек. Осыған орай   әңгімінің арқауы ерте жасынан  қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайтын Никита жайлы болмақ,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы. Ол тіпті осы өнерімен талай додаларда жүлделі орындарды қанжығасына байлап үлгерген.

Никита Дяченко 2002 жылы Әйтей ауылында дүниеге келген. Анасы Наталья мен әкесі Владимир Ресей мемлекетінін көшіп келген әрі орыс ұлтының өкілі болғандықтан қазақ тілін жетік біле бермейтін. Дегенмен қазақ жеріне қоныс тепкен отбасының біртіндеп сіңісе бастайды.  Ал, Никитаның тілі өз ана тілінде шыққанымен жергілікті жердің тұрғындардың басым бөлігі қазақтар еді. осылайша ол сөйлемесе де, түсініп, айталмаса да ұғынып өзіне керегін ымдап түсіндіретін еді. Бір күні Никита анасымен көлікте кетіп бара жатып, радиода домбыраның қоңыр үнімен ойналып жатқан күйді естиді. Ол бірден өзіне дәл осы аспапты алып беруді сұрағанда, ата-анасы дәл қазір мүмкіндіктері болмай тұрғандықтарын түсіндіреді. Дегенмен бұл оның сол аспаты үйренсем, қолым ұстап ойнасам деген құштарлығына кедергі болған жоқ. Сөйтіп, үшінші сыныптан соң аудандық өнер мектебінде домбырадан дәріс ала бастайды. Сол жерде ұстаздары Нұрхан Нұрғалиқызы музыкалық теорияны үйретсе, Раушан Байтекова домбыра шертудің қыр-сырын үйретеді.  Қазіргі таңда, Никита Махамаббет, Тілендиев, Құрманғазы және тағы басқа авторлардың туындыларын қосқанда 40-қа жуық күй біледі екен. Тіпті, өзі «Арман» «Ақсұңқар», «Тұлпар» деп аталатын авторлық күйлерін шығарыпты. Бұл дәрежеге жетуіне жол сілтеп, септігін тигізген жоғары да аталған ұстаздарына алғысын білдіреді. Олардың еңбегі зор екендігін атап өтпеске болмас. Анасы Наталья анда-санда өлең шығаратын өнері болса, ал Никита оны сүйемелдеп сол өлеңдерге ән шығарады екен. Қазіргі таңда Никита Дяченко Санжар Жандасов атындағы колледжде «автоэлектрик» мамандығы бойынша оқиды. Білімін жетілдіріп, саланы меңгеріп жатқан ол домбыра шертуді тастамаймын дейді.

Талабыңа  нұр  жауып, өнерің  өрге  жүзсін,  Никита !

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях