Димаш пен Данэля «The World’s Best» байқауында тағы бір белесті бағындырды

Димаш пен Данэля «The World’s Best» байқауында тағы бір белесті бағындырды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Американың «The World’s Вest» байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық танымал әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова үшінші турға өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде өнер көрсетіп жатқан Димаш әнші әрі музыкант Эрик Карменнің «All by Myself» композициясын орындап, 94-39 есебімен үшінші кезеңге жолдама алды. Ал, оның қарсыласы Италиядағы «Voice of Italy» байқауының жеңімпаз Кристина Скуччиа болған. «Кристина әпке» лақап атымен шыққан 30 жастағы әнші – монах әйел.

Өз кезегінде ешкімге дес бермей келе жатқан Данэлия  екінші кезеңде жапон скрипкашысы Манами Итомен бәсекеге түсіп, 71-60 есебімен жеңіске жетті.  Отандасымыз  бұл жолы да «Голос Дети Украина» байқауында шырқаған «Stone Cold»  әнін айтты. Ерекше талантымен бірден көзіне түскен жас әнші қыз  қазылар алқасының мүшесі Ру Полдың ыстық ықыласына да ие болды.

«The World’s Вest»  байқауы – талантты адамдарға арналған «CBS» телеарнасында көрсетілетін халықаралық жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен актер Ру Пол, британдық сықақшы Джеймс Корден бар. Соңғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен келген 50 сарапшы қабылдайды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях