Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін айтты  

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін айтты   

Ғалым Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында мәлім етті,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қызметінен өз еркімен кететінін жазған және бапкер өзінің бір өкініші деп Сабырхан Махмұдқа олимпиадалық циклде аз мүмкіндік бергенін атады. Бірақ кейін бапкер бұл жазбасын парақшасынан өшіріп тастады.

Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарды. Бұған дейін ол жастар құрамасын жаттықтырған, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке бапкері ретінде танылған.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бокстан «алтынсыз» қайтқан болатын. Токиода боксшыларымыз тек екі қола медаль жеңіп алған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях