Биылдан бастап жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтеді

Биылдан бастап жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтеді

2021 жылдың күзінен бастап, педагог жас мамандар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтуі тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесеуінде айтты, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Оқуын осы жылы аяқтаған жас педагогтарда ұлттық біліктілікті арттыру сертификаты болуы қажет. Олар мектепке қабылданғаннан кейін өздерінің педагогикалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетіп, педагогикалық біліктілігін арттырып қана жұмысқа кірісе алады» – деді министр.

Оның айтуынша, алдағы уақытта педагогтардың жалақысы екі есеге дейін көтерілуі мүмкін.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях