Биыл кең жолақты интернет желісіне 880 ауыл қосылады

Биыл кең жолақты интернет желісіне 880 ауыл қосылады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндағанда биыл кең жолақты Интернетке 880 ауыл қосылатындығын да айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Цифрлық «Жібек жолы» бағытының негізгі міндеті – халықты сапалы интернетпен қамту. Осы ретте бүгінде 117 қала мен 250-ден астам халқы бар 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған. Сондай-ақ, өткен 2 жыл ішінде 481 ауыл кең жолақты интернетке қосылды. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасады, – деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобасы іске асырылған. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша «TransCaspian Fiber Optic» жобасының құрылысы басталды. Бұл ретте еліміздің географиялық орналасуын ескерсек, деректердің транзиттік әлеуеті ұлғаяды. Мұнан бөлек биыл, яғни, 2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылып, үй желісіне интернетті қосу деңгейін 84 пайызға жеткізу жоспарланған.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях