Биыл көп балалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі

Биыл көп балалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көп балалы отбасыларға арналған үйлердің құрылысының барысы мен жалға берілетін баспаналар туралы айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 – Көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 2813 пәтер берілген болатын. Ресми мәліметке сүйенсек, биыл көп балалы жанұяларға барлығы 8 мыңнан астам пәтер беріледі, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ, вице-министр 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер немесе 6 мың үй салу жоспарланған және де оны іске асыру үшін 7 жылға 350 миллиард теңге (немесе жыл сайын 50 миллиард теңге) қарастырылғанын айтты. Мұнан бөлек, ол аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жылдық 2% көлемінде қосымша несие алуға болатыны туралы да еске салды.

– Жеңілдетілген ипотекалық несиелердің қол жетімділігін арттыру үшін тұрғын үй заңнамасында тұрғын үй сертификаттарын беру тетігі қарастырылған. Сәуір айында тұрғын үй қатынастары және жергілікті және өзін-өзі басқару туралы заңнамаларға қажетті түзетулер енгізілді. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша жоғарыда аталған санаттағы отбасыларға байланысты республикада 45,6 млрд теңге көлемінде 4434 өтінім қабылданды. Оның ішінде 24,9 млрд. теңгеге 2382 өтінім мақұлданды, – деп қорытындылады Қ. Өскенбаев.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях