Білімді жастар сөз жарыстырды

Білімді жастар сөз жарыстырды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Рухани жаңғыру идеясын дәріптейтін байқау облыстық деңгейде атап өтілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Мақал – сөздің мәйегі» ауданымызда бастау алған жастарға арналған жарқын жобалардың бірі десек те болады. Әдебиетімізді әспеттеп, нақыл сөздерді керек жерде саптай білуге тәрбиелейтін, мақсаты айқын, ұлтжандылыққа үндейтін осындай сөз жарыстары тіл мәдениетінің саласында қалыптасуы өте орынды деп білеміз. Аудан көлемінде насихатталып жүрген «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы бүгін облыстық деңгейде аталып өтіліп, жалынды жастар жарыс алаңында тағы бас қосты. Қаскелең қаласындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған рухани шараға Алматы облысына қарасты 17 ауданның және Талдықорған, Текелі, Қапшағай сияқты қалалардың намысын қорғауға 20 оқушы бақ сынауға келді.

Байқаудың басы құттықтау сөзден, сәттілік тілеуден басталып, ортаға аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев шақырылды.  Ал, облыстық деңгейде өткізіліп отырған бұл жарысқа қара қылды қақ жарған қазылар өз төрелігін көрсетті. Олардың қатарында елімізге белгілі ардагер журналист Тілеуқабыл Мыңжасар, осы байқаудың жоба авторы болып табылатын, ақын, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев және ақын Қуаныш Қолқаев болды. Аталған үштік қазы жастардың сөз саптауын саралап, тапқырлықтарына баға берді.

Бес кезеңге ұласқан сөз жарысында әр ауданның, қаланың жастары барынша бар білімін ортаға салды. Алайда, «жүйріктен жүйрік озар» демекші, байқаудың шарты бойынша ақтық мәреге төрт топтың жеңімпаздары ғана өтіп, өз кезегінде олар финалға лайықты ойын өрнегін көрсете білді. Сонымен, шешуші кезеңде Қарасайдың намысын арқалаған көкөзектік Қымбат Сламбай дара шауып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс соңында облыстық байқауға қатысқан ұл-қыздардың барлығы сый-құрметтен құр алақан қалмады. Мәселен, «талпыныс», «ынталандыру» сияқты номинация иегерлеріне ақшалай сыйлық табысталса, басқа белсенді балаларға Алғыс хаттар берілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях