Білекті спортшы Латвияда топ жарды

Білекті спортшы Латвияда топ жарды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті. 60-64 жас аралығында 31 елден 700 спортшы қатысты. Осы жарысқа қазақ елінің намысын қорғай барған Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны  Жұмахан Күзбаев байрағымызды көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. 32 келі тартатын гірді 10 минутта 107 рет көтеріп, рекордын жаңартқан.

Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта спортшы тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. Жұмахан ағамыз бойында рух пен намыстың қызуы бар екенін білектің күшімен дәлелдеді.  Гірді сілке көтеруден ең мықты спортшы екенін көрсетті.

Бұл Жұмахан ағамыздың алтыншы жеңісі екен. Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен облыстық гір көтеру жарысынан бірінші орынды алған.  Енді міне, әлемдік додада топ жарып отыр.
Ағамыздың жеңіс шыңына шығар белестері жалғаса берсін демекпіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях