Әбділдә Тәжібаев оқулары

Әбділдә Тәжібаев оқулары

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақтың халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, қазақ әдебиетінің тарихында  көрнекті орынға ие Әбділдә Тәжібаевтың туғанына биыл 110 жыл толып отыр. Бүгін осыған орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттер  арасында жыр мүшайрасы өтті. Әдеби шараның басты мақсаты  жас жеткіншіктерге толағай ақын, толастамас жыр иесі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы патриоттық тәрбие қалыптастыруға негізделді. Жарысқа қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде ақынның өлеңдерін жатқа оқып, екінші кезеңінде пьесаларынан үздінділерді көркем шеберлік орындады. Арасынан кейбірі сахналық көрініс қойып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Бірінен бірі оза шапқан талантылардың өнерін ҚР «Білім саласының үздігі», ардагер ұстаз Ақлима Көсемова, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ляззат Әуелбекова және аудандық орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева сарапқа салды.  Байқау қорытындысына сәйкес Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінен Аружан Сейдеменова үшінші орынды, «Аяжан» медицина колледжінің студенті Ержан Амангелдиев екінші орынды иеленді. Ал жүлделі бірінші орынға К.Әзірбаев атындағы мектебінің оқушысы Шынар Бейбітқызы лайық деп танылды. Қалған сайыскерлердің барлығы Алғыс хаттармен марапаталып, сыйға қаз

Ұлдархан Қаханқызының айтуынша «1 кітап, 1 ел – 2019» жобасының аясында Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы таңдалып алынып, оған қатысты жыл бойы түрлі шаралар ұйымдастырылады екен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях