Батырлар рухына тағзым етілді

Батырлар рухына тағзым етілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін ауданымызда бейбіт өмірге жете алмай, ауған жерінде қан кешіп, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыздың рухына бас иіліп, қол жайылды, Құран бағышталып, ескерткіш басына гүл шоғы қойылды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымның тілшісі.

Бүгін кеңес әскерлерінің Ауғанстан жеріндегі майданнан шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай, ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шараға ауған соғысының ардагерлері, Қаскелең қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, қала тұрғындары мен ардагерлердің туыстары қатысты. Жиналғандар алдымен жақында ғана мезгілсіз қайтыс болған ауған соғысының ардагері, Қарулы күштердің отставкадағы полковникі, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған Борис Керімбаевты бір минут үнсіз тұрып еске алды.

Жиынды ашқан қала әкімі Асқар Мұқашев қанды шайқаста құрбан болған боздақтардың есімдері ешқашан ұмытылмақ еместігін, оларды құрметпен еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді ардақтау бүгінгі ұрпақтың адамгершілік парызы екенін айтып, еліміздің тәуелсіздігі мен бейбітшілігі баянды болуын тіледі. Сондай-ақ, бұл атаулы күнге аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан да гүл шоғы қойылды. Сонымен қатар, жиын соныңда ауған соғысы құрбандарына арналып Құран оқытылды.

Айта кетелік, осыдан дәл 30 жыл бұрын – 1989 жылы 15-ші ақпан күні Кеңес әскерлері Ауғанстаннан біржола шығарылған болатын. Соғыс 1979 жылдың желтоқсан айынан 1989 жылдың 15-ші ақпанына дейін созылды. Оған Қазақстаннан 22 269 жауынгер қатысса, олардың қатарында 373 жерлестеріміз бар еді. Олардың 14-і соғыс даласында қайтыс болса, 20 жерлесіміз елге оралған соң көз жұмғанын айта кеткен жөн. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігі қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болары сөзсіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях