Банк картасын тонаушылардан қалай сақтану керек?

Банк картасын тонаушылардан қалай сақтану керек?

ҚР Ұлттық банкіне қарасты Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті пайдалы кеңеспен бөлісті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш департаменттің Fingramota жобасы банк картасын тонаушылардың тұзағына қалай түспеу керектігін түсіндірді. Интернеттегі алаяқтар көбінесе атақты интернет дүкендердің көшірме сайттарында (фишинг) жүреді. Міне, осы фишинг сайттарға кіретін адамдардың көбі өз карталарының реквизиттерін қалдырады. Ал, интернет арқылы тонаушылар сатып алушылардың сол карта реквизитін қалдырған сәттен бастап, шотыңыздағы қаражатыңызды бос қалдыруы әбден мүмкін.

Департаменттің хабарлауынша, фишинг сайттардың тұзағына түсіп қалмау үшін тұтынушы интернетті қолдану, қорғау шаралары туралы аз да болсын ақпарат білуі керек. Интернет дүкен сайтының адресі http:// деп емес, https:// деп басталуы керек. Егер сайтта сіздің жеке мағлұматтарыңызды және төлем картасының CVV-кодын сұраса (картаның арғы бетіндегі 3 таңбалы сан), бірден сайтты жауып шығып кету керек.

Жалпы, интернет тонаушылардың тұзағына түспеудің бірнеше қарапайым тәсілі бар:

  • еш жерде жеке мағлұматты көрсетпеу;
  • сайттың безендірілуіне мән беру;
  • адрес жолағындағы сілтеменің дұрыстығын тексеру;
  • https желісін бақылау;
  • күдікті хаттарды фильтрлеу;
  • банк аккаунттарына кіру үшін ашық wi-fi қолданбау,

Сондай-ақ, кейбір алаяқтар тұтынушыларға банк қызметкері сияқты хабарласып, төлем картасында ақау шыққанын және оны тез арада бұғатқа қою қажет екенін ескертеді. Сөйтіп, карта иесінен керекті реквизиттерді біліп алуы мүмкін. Сосын ұялы телефонына келген кодты айтып беруін сұрайды. Осылайша, олар кодты білген соң, интернет банкингтегі нөмірді ауыстырып, шоттағы ақшаны шешіп алады.

Егер осындай жағдай орын алып жатса, банктің желі орталығына хабарласып, мән-жайды анықтаған дұрыс.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях