Қандай жағдайда мемлекеттік лауазымды атқаруға тыйым салынуы мүмкін

Қандай жағдайда мемлекеттік лауазымды атқаруға тыйым салынуы мүмкін

Егерде азаматтың бұрынғы жұмыс орнында қызметтік этиканы бұзғаны үшін алынбаған жазасы болса немесе мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаса, оған мемлекеттік лауазымға орналасуға тыйым салынатын болады. Бұл туралы Елордамыздың әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Сәрсен Жандос мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында құқық қолдану практикасы барысында анықталған қателіктерді жою үшін ҚР-ның«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Аталған өзгертулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қаралған.

– Саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау енгізілді. Бұрын ротация институты тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты болатын. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшіге қызметтік этиканы бұзғаны немесе мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазасы өтелмеген болса, ауысу рәсіміне немесе конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуға тыйым салынды, – деді Жандос Сәрсен.

Мұнан бөлек, жаңа әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқылы тұлғалар санына да өзгерістер енгізіліп, кеңейтілді. Енді, судья, парламент мүшелері, саяси және халықаралық шенеуніктер өзге бұл тізімге жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының PhD докторлары, халықаралық, шетелдік және трансұлттық ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандар, сондай-ақ, квазимемлекеттік мекемеде орынбасар немесе басшы лауазымында жұмыс істейтін тұлғаларда кіретін болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях