Балалар мектепке қашан оралады? БҒМ жауабы  

Балалар мектепке қашан оралады? БҒМ жауабы   

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың қашан мектепке орала алатынын айтты, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жауабы анық: пандемия жағдайы тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта болғанда. Өңірлер «жасыл» аймақта болғанда, барлық бала мектепке барып оқуға құқылы. Бұл вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиология талаптары мен шектеулерін ұстануға және сақтауға байланысты», – деді министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар елдегі санитария дәрігерлері айтқан талаптар мен ұсыныстарды орындайтын болса, елде «пандемия жағдайы тұрақталып, балалар мектепке тезірек орала алатынын» айтты.

Бұған дейін Аймағамбетов қазақстандықтарды шыдамды болып, ғалымдарға қолдау көрсетуге шақырған еді. БҒМ басшысының айтуынша, вакцина – адамзат тарихындағы ең үлкен өнертабыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях