Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарттар мерекесіне орай ауданның ардақты ата-әжелеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, бүгін еліміз бойынша қарияларымызға деген ерекше құрметтің, сыйластықтың артатын күні – қарттар мерекесі. Айтулы күннің құрмет иелерін ардақтау мақсатында ауданымызда түрлі іс-шаралар атқарылып келсе, солардың бірі ретінде бүгін аудан орталығының бірқатар мейрамханаларында өткен мерекелік кештерді айтуға болады. Айтулы шаралардың біріне Қаскелең қаласының әкімдігі де ұйытқы болғанын да айта кеткен жөн.

Мереке аясында ардақталған ата-әжелердің қатарында ауданның қоғамдық жұмысына белсенді араласып жүрген қариялар, «Жетісу жанары», «Жігер-М», «Тірек-М», «Қуат» сияқты құрамы мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған ұйымдар, жалғыз басты қарттар, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері де болды. Барлығына мерекелік дастархан жайылып, ерекше құрмет көрсетілді. Ал, өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Достық» мейрамханасындағы қарттарды арнайы құттықтап, ізгі жарды тілегін білдірді. Аудан басшысы ақжаулықты әжелеріміз мен ардақты ақсақалдарымыздың орны қашанда бөлек екенін айтып, ақыл-кеңестері кейінгі жастардың өнеге болып қалатынын да жеткізді.

Жалпы, мерекелік кешке ұласқан басқосуда қадірлі қарияларға арналып ескі әндер де шырқалып, көңілдері көтерілді. Көптен бері кездесулері сиреп кеткен ата-әжелеріміз бір-бірімен көрісіп, дастархан басында өткен-кеткен қызықтарын айтып, жарасты әзіл-қалжындарымен шер тарқасты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях