Қазақтың ұлттық тағамдарын танытатын тур

Қазақтың ұлттық тағамдарын танытатын тур

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық  салтына қарай дастарқанның  өзіне тән ерекшелігі бар. Ұлттық тағамдарымыздың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Алматы облысы бойынша гастрономиялық тур өтуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталмыш саяхаттың бас Алматы облысының Қарасай ауданынан бастау алып, кеше Шамалған ауылындағы Үшқоңыр тауларының бөктерінде орналасқан «Nomad» этноауылында қонақтанды. Бұл турдың мақсаты байырғы қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, ұлттық тағамдар арқылы мәдениетімізді көрсету. Алматы облысы туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған маңызды шараға туристік компаниялардың өкілдері, облыс тұрғындары, шетелден келген туристер мен блогерлер қатысты.

Турға қатысушылар алдымен «Nomad» этноауылымен танысып, Қазақстан жерінде әскери өнердің қалыптасыуын көрсету мақсатында осы күні ұйымдастырылған «Көшпенділілер әскери өнерінің апталығы» фестивалін тамашалады. Мұнан кейін тур қатысушылары экологиялық таза өнімдерден жасалған түрлі тағамдар мен сусындарға дегустация жасап, сонымен қатар, адамның тәбетін ашатын түрлі тәттілер мен дастарханның дәмін келтіретін қазақтың ұлттық тағамдарының қалай дайындалатының көрсеткен аспаздардың шеберлік сабақтарына қатысты. Мұнан кейін олар Талғарда орналасқан «Ғұндар» этноауылана атбасын бұрып, онда Қырғыз халқының ұлттық тағамдарымен танысып өтті. Аталмыш тур Алматы облысы бойынша әлі алты елді мекенді аралап, түрлі халықтардың ұлттық тағамдарымен танысатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях