Қазақстанның абақтыларында азық-түлікті жеткізу қызметі жұмыс істей бастады

Қазақстанның абақтыларында азық-түлікті жеткізу қызметі жұмыс істей бастады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар мен Қарағанды сияқты қалалардың тергеу изоляторларына азық-түлік жеткізу қызметі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы мен Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) бар мекемелерінде мамандандырылған электронды дүкендер жобасының пилоттық нұсқасы іске қосылды. Осы ретте азық-түліктерді жеткізу қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларындағы тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы екі обақтыда сотталушылардың туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесу жобасының пилоттық нұсқасы әске асырылып жатыр.

Жалпы, ҚР Ішкі істер министрлігі бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде жұмыс істейтін мекемелерде (түрмеде) цифрландыруды дамытуды, гуманизация деңгейін арттыруды, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың санын азайтуды, сондай-ақ, тұтқындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындауды қамтамасыз ететінін айтты.

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерінде тапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жойып, сотталғандар мен қамауға алынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді деп күтілуде. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдар өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде келуге мәжбүрлемейді, тек қолданысқа енгізілген сервис арқылы рұқсат етілген тауарлар мен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осындай сервистік қызметерді тергеу-қамауға алынғандар және сотталғандардың туыстары мен жақындары да пайдалана алатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях