«Ауыл»  ХДП партиясы өз бағдарламаларын насихаттауда  

«Ауыл»  ХДП партиясы өз бағдарламаларын насихаттауда   

Алматы облыстық, аудандық  мәслихатына   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидаттар   Береке ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алдымен аталған партиядан  облыстық мәслихатқа үміткер Қанат Бекеев және аудандық мәслихатқа үміткерлер Орынбай Жанәділ, Арман Қамалбеков, Салтанат Зекерова, Мадияр Асанбек Берекеде орналасқан «Жетісу» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің ұжымымен жолықты.  Кандиттар қызметкерлерді  «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, агроөнеркәсіптік кешенге арналған бөлімді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Одан кейін аталған партияның өкілдері Береке ауылының Мәдениет үйінде тұрғындармен жүздесті.  Аграрлық реформалардың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, Қанат Ботайұлы «Ауыл» партиясының субсидиялау жүйесін қайта қарау жөніндегі ұсыныстары туралы  жан-жақты мәлімет берді. Қазіргі уақытта субсидиялардың көптеген түрлері бар және олардың тетіктері күрделі. Мұның бәрі шаруаларды шатастырады және әкімшілік процесті қиындатады. Партия заңнамалық деңгейде барынша ашық және қажетті субсидияларды қысқартуды ұсынады. Кандидат бюджет қаражатының үнемделген бөлігін оңтайландырудан кейін қалған дотация түрлеріне міндетті түрде жіберуді ұсынды. Бұдан басқа, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 2-4 пайызға дейін төмендету және жанар-жағармай материалдары мен жемшөп құнын едәуір арзандату проблемасын көтеру партияның негізгі бағыттары екенін де айтып өтті.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях