Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ-шы сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ-шы сессиясы өтті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХХІХ-шы сессиясы өтіп, оның төрағасы аудандық мәслихат депутаты Ақшолпан Марат ашып, жүргізіп отырды. Сессияға халық қауларынан бөлек аудан әкімі Жандарбек Далабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібі бойынша  Қазақстан Республикасының орталық  сайлау комиссиясының 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамын құру туралы ұсынымына сәйкес аумақтық және участкелік сайлау комиссялары мүшелерін ұсыну мәселесі қарастырылды. Осыған орай, Ақшолпан Қайратқызы сөйлеп, соңғы 5 жылдың ішінде аудан экономикасының қарқынды өсуіне байланысты аудан тұрғындарының санының көп өсуіне ықпал етті. Нәтижесінде сайлаушылардың саны 112 мыңнан бүгінгі күнде 188 277 мың жетті. Осыған байланысты бұрынғы 57 сайлау участкісіне аудан әкімінің шешімімен қосымша 44 сайлау участкілері ашылып, аудандандағы сайлау участкілерінін саны 101 ге жетті. Осы ретте «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң талабына сай халықтың саны өсуіне байланысты сайлау учаскелерін құру – жергілікті әкімінің, ал, сайлау комиссияның мүшелерін бекіту мәслихаттың өкілеттілігіне кіретінін ескере келе, сайлау учаскелік комиссиясына мүшелер сайлаудың қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Қолданыстағы заңға сәйкес, осы сайлау комиссиясының құрамы туралы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар келіп түсті.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері 817 адамнан құралғандығын ескере отырып, комиссияға 824 үміткер ұсынылды. Депутаттар барлық үміт­керлердің тізімін бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзге де мәселлелер бойынша шешімдер қабылданды.

Сессияда аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы да сөз алып, ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жақсы екенін айтып, оған үлестерін қосып жүрген халық қалауларына алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях