Аудандық білім бөлімі «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Аудандық білім бөлімі «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Ауданымыздың білім бөлімі «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін Шамалған ауылдық округінде орналасқан Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында «Білім мен тәрбие – егіз ұғым» атты облыстық форум өтті. Ауқымды деңгейде ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров, аудандық білім бөлімінң басшысы Асел Еркимбаева, «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Әділхан Дүйсебек және бірлестіктегі ғылымдар, профессорлар, сондай-ақ аудандағы мектептердің басшылары мен ұстаздары қатысты.

[su_custom_gallery source=»media: 43315,43312,43313,43314″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Білім саласаның өкілдері бас қосқан форум барысында ұрпақты тәрбиелеу мәселесі талқыланды. Жаһандану мен цифрландыру ғасырында құндылықтарымыздың ішін аша отырып, сол құндылықтардың барлығын жастардың, жас өспірімдердің сана сезіміне қалай дарытуға болатындығы және осы бағытта ұстаздар мен ата-аналардың үлесі жайлы кеңінен әңгімеленді.

Бұған қоса форумда аудандық білім бөлімінің басшысы Асел Еркимбаева мен «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасы Әділхан Төлегенұлы бірлесе жұмыс атқару мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях