Жоғары оқу орындарына да ерекше көңіл бөлінеді

Жоғары оқу орындарына да ерекше көңіл бөлінеді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті Жолдауында ел экономикасын ілгерлете отырып һәм бұқара халықтың әл ауақтын көтеру мақсатында мемлекет дамуының даңғыл жолдарын көрсетіп берді. Әр салаға жекеше тоқтала келе күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Соның ішінде жоғары оқу орындарының білім беру сапасына да ерекше көңіл бөле кеткені бізді қуантты.

Президент өзінің биылғы үндеуін «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артттыру» деп отырғаны тегін емес.

Елмен бірге Жолдауды бізде тыңдадық. Мемлекет басшысы жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды арттыру қажет екендігін қадап айтты. Бүгінде гранттардың санын көбейткенін алға тарта, енді жауапкершіліктің кезеңі келгенін де жеткізді. Енді, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі ретінде оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылып, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуымен анықталатын болды. Ия, нәтижелі болады деген сенімдемін. Егер Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясаты жүйелі, әрі жоспарлы бағытта іске асса, мұның барлығы сапалы оқу орындарының іріктеліп, білімді мамандар оқып шығуының жетістігіне айналады. Мен университеттің мұғалімі ретінде бұл Елбасымыздың саясатын толық қолдаймын. Болашақта мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының білімі сапалы болып, жаңа бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасу процесі жоғарылайтынына үмітім бар.

Әсел Қабылбекова,

Бизнес-мектеп факультетінің мұғалімі

Сулеймен Демирел университеті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях