Аудан әкімі халық алдында есеп берді

Аудан әкімі халық алдында есеп берді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев ауыл тұрғындары алдындағы төртінші есептік кездесуін бүгін Жамбыл ауылдық округінде өткізді. Аудан басшысы өз баяндамасында ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикасы мен алдағы атқарылар мін­деттерге жан-жақты тоқталды. Бұл жиында құрылғанына алты жыл болған Жамбыл ауылдық округінің шешімі табылмаған бірқатар мәселелері сөз етілді. Осыған қатысты аудан әкімі жұртты мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, өз ойын білдірді.

Нақты айтатын болсақ,Ұлан ауылының тұрғыны Айнагүл Әділханова Ұлан ауылының екі көшесіне тас жолдар төселсе екен деген өтінішін білдірді. Ал, осы Жамбыл ауылының тұрғыны Ғалия Қалықова ауыл көшелеріндегі жаяу адамдарға арналған бөлігінің жоқтығын, қоқыс тазалайтын мекеме­лердің дұрыс жұмыс істемейтіндігін және су құбырларына қатысты мәселелерді алға тартты.

Сондай-ақ, осы  ауылдың тұрғыны зейнеткер Айман Қарабекова электр жүйелер торабының дұрыс жұмыс атқармағандығынан үйлердегі жарық жиі өшіп қалатындығын және көшеде қаңғыбас иттердің көбейгенін айтып, осыған байланысты тиісті шаралар қолдануын өтінді. Жиын барысында ауылға спорт зал мен балабақшалардың жетіспеушіліктері де сөз етілді. Осы мәселеге қатысты жергілікті екі кәсіпкер барынша қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Жиын соңында жоғарыда көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімі ақпан айының соңында округ тұрғындарымен тағы бір кездесу болатындығын мәлімдеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях