Аудан әкімдігінде жаңа тағайындаулар

Аудан әкімдігінде жаңа тағайындаулар

Бүгін Қарасай ауданы әкімінің жаңа орынбасары мен әкім аппаратының бас инспекторы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында санитарлық талапқа сай өткізілген жиында аудан басшысы Жандарбек Далабаев қос бірдей азаматты  жаңа лауызымдарымен таныстырып, жауапты қызметке бекітті. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес  Айдын Әуесбай Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың 3 желтоқсан айынан бастап №24ө өкімімен тағайындалды. Аудан басшысының жаңа орынбасары жайлы өмірдерегі мен еңбек жолына қысқаша тоқтала кетсек, Әуесбай Айдын Әуесбайұлы 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында инженер, 2012 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.  Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2008-2009 жылдары Жамбыл ауданының Ұзынағаш селолық округі әкімінің орынбасары, 2009 жылы мамыр және қазан айы аралығында  Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2009-2018 жылдары Райымбек ауылдық округінің әкімі, 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.

Жиын барысында аудан әкімі Жандар Далабаев Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметіне лайық деп танылған Әділет Аульбековті де таныстырды. Ол  – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымына 2020 жылдың 3 желтоқсан айынан бастап №25ө өкімімен тағайындалды.

Аульбеков Әділет Чаймуратұлы  1988 жылы Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде құқық, 2020 жылы Л.Б. Гончаров  атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында «көлік құрылысы» мамандығы бойынша білім алған.  Еңбек жолын 2011 жылы Алматы облысының ішкі істер департаментінің аға лейтенанты болып бастады. 2015-2016 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы,  2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях